«Мүмкіндіктерді басқару: көшбасшылықтың жаһандық тегеуріндері» атты жаһандық конференция

Қазақстан Рсепубликасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен, Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабпен бірлесіп 2017 жылғы 16 маусымдағы Астана экономикалық форумы аясында «Мүмкіндіктерді басқару: көшбасшылықтың жаһандық тегеуріндері» тақырыбында жаһандық конференция өткізеді.

Жаһандық конференцияның спикерлері ретінде Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Ресейден ғаламдық көшбасшылық саласы бойынша танымал халықаралық сарапшылар қатысады деп көзделуде.

Жаһандық конференцияға тіркелу мерзімі – 2017 жылдың 25 мамырына дейін.

Өтетін уақыты мен орны: 2017 жылғв 16 маусым, сағат 9:30-дан 13:00-ге дейін, Тәуелсіздік сарайы, №3 конгресс-залы.

Ұйымдастыру мәселесі бойынша байланысушы тұлға: Досанова Шалқар

e-mail: Shalkar.Dossanova@apa.kz

Тел.: 8 (7172) 75 34 42.

 

Конференция тұжырымдамасы