«Әлеуетті мүмкіндіктер негізінде Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әртараптандыруын жеделдету» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференция

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2017 жылдың 15-ші маусымында Х Астана экономикалық форумы аясында «Әлеуетті мүмкіндіктер негізінде Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әртараптандыруын жеделдету» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясын өткізуді жоспарлайды.

Конференцияның мақсаты: әлеуетті мүмкіндіктер негізінде Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және әртараптандыру жеделдетудің және ел экономикасының бәсекеге қабілетілігін жоғарылату бойынша ұсыныстарды әзірлеудің өзекті мәселелерін жас ғалымдар арасында өзара ақпарат алмасу.

Конференцияны өткізу шеңберінде мақалалар жинағы жарияланады. Конференция өткізу нысаны – бетпе-бет түрінде.

Конференцияда келесідей секциялар жұмысы жоспарланып отыр:

·         Жаһандану жағдайында туристік индустрияның дамуы мен ЭКСПО -2017 ұлттық жобасы;

·         Экономиканың жаңғырулуы технологиясының үдемелі жағдайындағы есеп, аудит және талдауды дамыту;

·         Жаһандану жағдайында Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: трендтер, көрсеткіштер, әсер ету факторлары;

·         Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудағы бизнес ортаны ұлғайту және оның ықпалы;

·         Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын әртараптандыру факторы ретінде инновациялық менеджмент және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік;

·         Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыруы жағдайындағы қаржы секторының дамуы.

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция материалдары 2017 жылдың 25-ші мамырына дейінгі мерзімде конференцияның ұйымдастыру комитетіне электрондық пошта арқылы немесе қолма-қол түрде қатысушының өтінішін (ұсынылған үлгі бойынша) және басылым мәтінін электронды және қағаз түрлерінде тапсыру қажет.

Конференцияға қатысу шарттары:

  • көрсетілген мерзімде өтінішпен мақаланың мәтінін салып жіберу қажет;
  • ұйымдастыру жарнасы 4500 теңгені құрайды (бағдарлама және мақалалар жинағының 1 данасын алу кіреді);
  • іссапар шығындары: конференцияға қатысушының өз есебінен;
  • мақалалар ұйымдастыру комитеті тарапынан тіркелген файл арқылы қабылданады (формат *.doc) электрондық пошта арқылы: enu.aef2017@mail.ru
  • конференцияға қатысуға келісім алынған соң, қатысушылар сканер арқылы төлем түбіртегін келесі электрондық мекен-жайға жіберуі қажет: enu.aef2017@mail.ru

Қосымша ақпаратты келесі мекен-жай бойынша алуға болады:

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қажымұкан көшесі 11, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқу-зертхана ғимараты (ОЗҒ), 607 кабинет.

Байланыс телефоны: 7(7172) 709-500/ ішкі: 32-607. Жауапты тұлға Дуйсембаев Азамат Алдaшұлы, ұялы тел.: 8(701) 880-58-78.

Ақпараттық хат