2017 жылдың 25 мамырында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ашаршылық құрбандары мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «1920-1950 жж. Қазақстан мен Батыс Сібірдегі жаппай саяси қуғын-сүргін тарихындағы жаңа есімдер мен фактілер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі. Бұл тақырып Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында өте маңызды роль атқарады. Өйткені, басты бағыты өңірлердің тарихын зерттеуге, мәдени-тарихи ескерткіштерді және жергілікті көлемдегі мәдени объектілерді қалпына келтіруге арналған.
Конференцияда 1920-1950 жж. Қазақстан мен Батыс Сібірдегі жаппай саяси қуғын-сүргіннің деректемесі мен тарихнамасының өзекті мәселелері қарастырылады деп жоспарлануда.
Конференция келесідей бағыттар бойынша өткізіледі:
– КСРО-дағы саяси қуғын-сүргіннің ұлттық қырлары;
– Батыс Сібірдегі қазақ халқы арасындағы саяси қуғын-сүргін;
-еңбекпен түзету лагерлерінің, тұтқындау орындарының, түрмелердің жұмысын және саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу;
– Саяси қуғын –сүргінге ұшыраған тұлғалардың беймәлім есімдерін жарыққа шығару;
– Саяси қуғын-сүргін тарихы бойынша жаңа деректерді айқындау жәнезерттеу мәселелері;
– Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау процестері.
Конференция жұмысына ғалымдар, қоғамдық қайраткерлер, ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушылары қатысады деп жоспарлануда.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.
Конференция материалдарын жариялау үшін 2017 жылдың 25 мамырына дейін conference2018@mail.ru электронды поштасына жіберілу қажет.
Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласуларыңызды сұраймыз: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ., Сәтбаев көшесі, 2, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 241 каб., Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, тел.: 8 (7172) 709-500 (ішкі: 31-213).