«Түркі әлемі және халықаралық байланыстар: тарих, тұлға, келешек» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция

Құрметті әріптестер! 

Сізді көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Төтенше және Өкілетті Елші, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Түркі әлемі және халықаралық байланыстар: тарих, тұлға, келешек» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференцияның жұмыс күндері: 2017 жылдың 26-27 мамыры.

Конференция барысында төмендегі секциялардың жұмысы жоспарлануда:

1. Секция: Түркітанулық зерттеулердегі ғалым тұлғасы;

2. Секция: «Ұлы Жібек жолы» шығыс пен батыстың ынтымақтастық факторы ретінде;

3. Секция: Қазіргі заманғы түркітанудың келешегі мен дамуы;

4. Секция: Көшпелілер мұрасы: тарихи және мәдени ескерткіштер.

Конференция шеңберінде М.Жолдасбеков кітаптарының таныстырылымы, сондай-ақ мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылық қызметіне арналған «Өнегелі өмір» сериясымен шыққан кітаптың тұсаукесері жоспарланған.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, түрік, орыс, ағылшын, парсы.

Конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың 10 сәуірге дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитетіне мына электронды пошта turkconference@mail.ru арқылы төменде көрсетілген тізімдегі құжаттарды ұсыну қажет:

1.      Конференцияға қатысуға арналған өтінім (1-қосымша)

2.      Баяндама материалдары (2-қосымша)

3.      Жарияланымның төленгендігі туралы сканерленген түбіртек (3-қосымша)

Авторға (конференция қатысушысы) оның материалдарының қабылданғандығы туралы хабарлама 2017 жылдың 1 мамырына дейін жіберіледі. Рецензиядан өтіп, қабылданған материалдар мен тезистер конференция қарсаңында жария етіледі. Конференция жұмысына сырттай қатысу қарастырылады.

Ұйымдастыру комитеті ҚР-ның шетелдегі консулдық мекемелерінен виза алу үшін ресми шақыру дайындайды.

Конференция қатысушысының ұйымдастыру жарнасы: Қазақстандық қатысушылар үшін 5000 теңге, ТМД елдерінен қатысушылар үшін 30 еуро және алыс шетелдердегі қатысушылар үшін 50 евро ұйымдастырушылық жарнасы конференция басталғанға дейін есепшотқа аударылуы тиіс.

Іссапар шығындары жіберуші тараптан немесе конференцияға қатысушының есебінен жүргізіледі. Өтінімді рәсімдеп, жеке файлмен turkconference@mail.ru электронды поштасына Ахметова_заявка деп белгілеп жіберу қажет.

Анықтаманы мына телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 70-95-00 (ішкі 31-425, 31426; 31427).

Ақпараттық хат