Логистика және көлік саласындағы халықаралық деңгейдегі кәсіби білім беретін мамандандырылған курсқа қатысуға шақырамыз!

Жас мамандар, инженерлер, менеджерлер, басқарушыларды,орта буын басшыларын, топ-менеджерлерді, басшылар мен бірінші басшыларды логистика және көлік саласындағы халықаралық деңгейдегі біліктілікті арттыруға кәсіби білім беретін мамандандырылған курсқа қатысуға шақырамыз.

М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы CILT курстарды ресми жүргізуге лицензияны алды.

ҚазККА кәсіби білім беру курстары Еуропа елдерінде CILT International логистика, көлік және жеткізу тізбегін кешенді басқаруды ұйымдастыру бойынша өкілдіктері бүкіл әлем бойынша 35-тен астам елде бар, Қазақстанда және Орта Азияда CILT курсын өткізуге Лицензия негізінде, жекелеген модульдерден бастап халықаралық үлгідегі Диплом деңгейіне дейін жеткізетін жетекші кәсіптік орган – Корольдік логистика және көлік институты /The Chartered Institute of Logistics and Transport (CILT, Ұлыбритания) бағдарламасының бөлігі болып табылады. Корольдік логистика және көлік институты (CILT), бұрынғы көлік және логистика институты, 1919 жылы құрылды және 1926 жылы Корольдік мәртебесін алды.

CILT Халықаралық кәсіптік білім беру БАҒДАРЛАМАСЫ:

 1. Логистика және көлік саласындағы CILT Халықаралық Сертификаты Логистика және көлік саласындағы Халықаралық сертификат – көлік жүйесі саласындағы білімнің берік базасын құру, сондай-ақ менеджерлердің басқарушылық дағдыларын дамыту мақсатымен әзірленген кәсіптік білім берудің дербес бағдарламасы.

2. Логистика және көлік саласындағы CILT Халықаралық Дипломы Логистика және көлік саласындағы Халықаралық Диплом – көлік жүйесі саласындағы білімнің берік базасын құру, жедел және стратегиялық басқару, сондай-ақ бизнес көшбасшылары, басшылар, бірінші басшылардың және орта буын әлеуетті басшыларының басқарушылық дағдыларын дамыту мақсатымен әзірленген кәсіптік білім берудің дербес бағдарламасы.

3. Логистика және көлік саласындағы CILT Халықаралық Жоғары Дипломы Логистика және көлік саласындағы Халықаралық Жоғары Диплом – жеткізу тізбегі, басқарушылық дағдыларын дамыту, топ-менеджерлер, басшылар және бірінші басшылар басқарудың ең жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін стратегиялық шешімдер қабылдау іскерлігі саласындағы кәсіби білім беру. Халықаралық Жоғары Диплом сондай-ақ ұйымдастырушылық жоспарлау, тыңдаушыларды талдау ұғымдарымен таныстыру және оларды басқарушылық рөлде пайдалануды, тыңдаушыларды этикалық проблемаларды, тұрақтылық және ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуге дайындауды, жобаның негізінде зерттеу жүргізу дағдылары мен әдіснамасын дамытуды қамтиды.

Курстарды білікті оқытушылар мен тәжірибелі мамандар-практиктер өткізеді.  Жедел курсының орташа ұзақтығы: 24-44 апта. Сынып уақыты ыңғайлы: аптасына 2 күн кешкі уақытта және демалыс күндеріндеü  Төлеу кестесі икемді. CILT мүшелік қамтамасыз ету. 7 Курс 3-5 блоктарды зерделеуді қамтиды, олар таңдалған Халықаралық оқыту бағдарламаларына байланысты. 1 блок оқудың құны: 300 000 теңге құрайды. Халықаралық бағдарламаның құнына үлестірмелі материалдар, CILT International UK ұсынылатын кітаптар, сондай-ақ халықаралық үлгідегі Дипломдар/Сертификаттар беру енгізілген.

 

CILT Халықаралық кәсіптік білім беру бағдарламасы