«Жастарды ұлттық рухани мұра негізінде тәрбиелеудің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында танымал  ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Алма Қыраубайқызының 70 жылдығына орай  өтетін  «Жастарды ұлттық рухани мұра негізінде тәрбиелеудің өзекті мәселелері» атты  республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Республикалық конференция Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында 2017 жылдың  26  мамыр күні өтеді.

Конференция жұмысына қатысуға конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми-зерттеу нәтижелері бар Қазақстан және алыс-жақын шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар шақырылады.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1.Болашақ педагог мамандар  дайындығын жетілдірудегі профессор А.Қыраубайқызының ғылыми-педагогиқалық үлесі.

2.Ұлттық рухани мұра негізінде бәсекеге қабілетті педагог мамандар даярлаудың   маңыздылығы.

3. Қазіргі кезеңдегі жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың өзекті мәселелері.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі және электрондық нұсқалары (1 данадан),  ұйымдастыру жарнасы (3000 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен немесе төмендегі мекен-жайда 2017 жылдың 15 мамырға дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі, 13 үй, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, бас ғимараты, ҒЗЖ және СҒЗЖ жөніндегі бөлім №110 кабинет.

Конференцияның ұйымдастыру комитеті: Ибрагимова Жанат Әбутәліпқызы –  8701 3381433, 8700 1357270; Алданғорова Айман Дәулетбайқызы – 8702 5898128; e-maіl: okmpi_nauka@mail.ru.

Ақпараттық хат