“Қазақ эстетикасы: дәстүр және нновациялар” атты дөңгелек үстел

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2017 жылдың  23 мамырында сағ. 1000–де философия ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ш. Нұрланованың ғылыми қызметіне арналған “Қазақ эстетикасы: дәстүр және нновациялар” атты дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел жұмыс тілдері:  қазақ, орыс тілдері. 

2017 жылдың 16 мамырына дейін ұйымдастыру комитетінің kaznai.conf@mail.ru электрондық поштасына мақала мәтінін (файлдың атауы: автордың аты-жөні, мақала); конференцияға қатысу үшін өтініш (тіркелген үлгі бойынша) жіберілуі тиіс. Конференцияға қатысу жарнасы: 3000 тг.

Ұйымдастыру комитеті материалдарды жарыққа шығару үшін іріктеу құқығына ие. Ресімдеу талаптарына сай келмейтін немесе ұйымдастыру комитеті берілген уақыттан кеш жіберілген материалдар конференция мақалалар жинағына қосылмайды және авторларға қайтарылмайды.

Баяндаманың ғылыми мазмұнына, стилистикасына, грамматикасына, пунктуациясына Ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Барлық жауапкершілік автордың өзіне  жүктеледі.

Конференцияға шығындарын (қонақ үй, жол шығындары тб.) қатысушылар өздері төлейді.

 

 

Ақпараттық хат