Құрметті әріптестер!
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2017 жылдың 12 мамырында Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері, СҚМУ профессоры Зарқын Сыздықұлы Тайшыбайдың 75-жылдық мерей тойына орай «Қазақстан Республикасында журналист кадрларын даярлаудың өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференцияға бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерімен айналысатын оқытушылар, ғалымдар, мамандар, журналистер шақырылады.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жоспарланады:
1. Қазақстанның ақпарыттық, қауіпсіздік мәселелері.
2. Қазақстандық журналистика алдығы қоғамдық демократияландырудың шарттары..
3. Республикалық оқу орындарындағы аймақтық журналистердің даярлаудың ерекшеліктері.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Конференцияға қатысу үшін өтініш пен баяндама мәтіні (қосымша берілген талаптарға сәйкес ресімделген) және баспа шығындарын өтеу үшін (3000 теңге) мөлшерінде тіркеу жарнасы ұсынылуы қажет. Баяндамалар 2017 ж. 6-шы мамырға дейін басып шығарылған мәтіннің данасын қоса берумен электронды нұсқада ұсынылуы тиіс.
Материалдар мына мекенжайға жіберілу керек: 150000, Қазақстан Республикасы, Петропавл қ., Пушкин көшесі, 86, 3-корпус, 255-кабинет, СҚМУ, «Журналистика» кафедрасы.
Анықтама телефондары: 8 (7152) 49-40-42-(11-56), 49-40-42-(11-35).
Ұялы телефон: 87771191820 Т.А. Расули
E-mail: tat-rasuli@yandex.ru
Конференция материалдары бойынша жинақ басылып шығарылады.