«Заң ғылымын дамытудың заманауи үрдістері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Жас ғалымдар мен мамандар кеңесі 2017 жылғы 30 маусымда «Заң ғылымын дамытудың заманауи үрдістері» тақырыбында қашықтықтан халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференция жұмысы келесідей бағыттар бойынша жоспарланады:

1.     Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық дамуы;

2.     Заманауи кезеңдегі әкімшілік заңнама;

3.     Қылмыстық, қылмыстық-атқарушылық заңнаманы және криминологияны жетілдірудің келешектері;

4.     Қылмыстық сот ісін жаңғырту және қылмыстарды ашу мен тергеудің тиімділігін арттыру жолдары;

5.     Заманауи кезеңде азаматтық заңнаманы жетілдіру және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы;

6.     Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің психологиялық арнайы және дене дайындығы;

7.     Заңгердің құқықтық тәрбиесі және тіл мәдениеті.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Байланыс: + 7 771 773 98 55, Смышляев Александр Сергеевич, + 7 701 512 66 80, Құсайынов Дархан Шыныбекұлы.

 

Ақпараттық хат