2017 жылғы 7-8 шілде аралығында робототехника және механизмдер бойынша ROBOMECH 2017 Халықаралық симпозиумы өтеді.
Симпозиум жұмысы төмендегідей бағыттарда жүргізіледі:
• Теориялық және қолданбалы механика
• Машиналар механикасы
• Машина жасау
• Материалтану және технология, материалдарды өңдеу
• Мехатроника және робототехника.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Ағылшын тіліндегі баяндамалар құпталады.
Симпозиумның еңбектер жинағын Халықаралық “Вестник КБТУ/ Herald KBTU” ғылыми журналының жеке номерінде жариялау жарияланады.
Көлемі 5 бетке дейін материалдар шарт талаптарына сәйкес рәсімделіп, Симпозиумның тиісті бағыттары бойынша келесі электрондық мекен-жайға жіберілуі тиіс:
• “Теориялық және қолданбалы механика” бағыты бойынша: ali84jauit@mail.ru
• “Машиналар механикасы” бағыты бойынша: aliya86d@mail.ru
• “Машина жасау” бағыты бойынша: beren90@mail.ru
• “Материалтану және технологиясы материалдарды өңдеу”бағыты бойынша: asel-honey87@mail.ru
• “Мехатроника және робототехника” бағыты бойынша: p.rakhmetova@gmail.com
Симпозиумға қатысушыларды тіркеу жарнасы: шетелдік қатысушылар үшін 50.0 еуроны, қазақстандық қатысушылар үшін 15 000 теңгені құрайды.
Маңызды күндер:
22 мамыр 2017 ж. – Симпозиум баяндамаларымәтіндерін (мақалаларды) қабылдаудың аяқталуы
7-8 шілде 2017 ж. – Симпозиумды өткізу күндері.
Байланыс телефондары:
Ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары: Байғұншеков Жұмаділ Жаңабайұлы, Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының директоры., 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22, Тел. +7 (727) 257 70 36, Е – mail: robomech2017@gmail.com.
Жауапты орындаушы: Сыздықбеков Нұртай Тұрсынұлы, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22, Тел. +7 (727) 257 70 46, Е – mail: 22snurt@mail.ru.
Симпозиум хатшысы: Айса Надира Мұсажанқызы, 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 22, Тел. +7 (727) 257 71 36, Е – mail:nadira.aisa@gmail.com.
Өздерінің ғылыми баяндамаларын Springer баспасының “Mechanisms and Machine Sciences” сериясының кітабында жариялауға ниет білдіргендер ағылшын тілінде берілген ақпаратпен Симпозиумның сайтында таныса алады: http://www.robomech2017.kaznitu.kz.