2017 жылғы 3-5 тамыз аралығында «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» атты VIII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференцияда талқыланатын мәселелер: уран өнеркәсібіндегі инновациялар, өндіріс перспективасының жағдайы уран минералдық-шикізат базасын дамыту стратегиясы, уранды өндіру мен қайта өңдеудің заманауи технологиясын игеру бағдарламасын құрып іске асыру, атом өнеркәсібі үшін сирек және сирекжер элементтерін өндіру, ядролық-отын циклының, қоршаған ортаны қорғау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік және ғылыми-техникалық кадрларды даярлау.
Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Қатысу түрі: ауызша баяндама, стендік баяндама, тыңдаушы.
Ғылыми бағдарлама мынандай тақырыптарды көздейді:
· геология, геотехнология және уран кен орындарында тау-кен дайындық жұмыстары;
· өнімді ерітінділерді өндіру, қайта өңдеу, уранның шала тотығын шығарып алу, сирек кездесетін металлдарды қоса өндіру;
· ядролық отын циклының жоғары технологиялары;
· сирек, сирекжер мтеалдарының және олардың негізіндегі жоғары технологиялық өнімнің ресурстары мен тиімді технологиялары;
· атом-энергетикалық саласының функциялауының білім беру, құқықтық, макроэкономикалық аспектілері.
Өтетін орны: «EXPO-2017» көрме кешені
Маңызды күндер:
2017 жылғы 20 мамыр – баяндаманың атауы бар өтінімдерді (тіркеу нысандарын) қабылдауды аяқтау
2017 жылғы 17 маусым – баяндама тезистерін қаьылдауды аяқтау.
Мекен-жайы: Астана қаласы, 010000, Қонаев көшесі, 10, 2908, 2909 кеңсе.
Байланыс: 8 7172 55-14-64 (ішкі: 11401); 8 71712 55-14-65 (ішкі: 11400)
E-mail: info@nuclear.kz, n.zhdanova@nuclear.kz