Белгілі публицист, тележурналист, әдебиет сыншысы Сағат Әшімбаев атындағы стипендияға ие болыңыз!

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы журналистика факультетінде оқитын студенттердің шығармашылық шеберлігіне ұштау мақсатында қоғам қайраткері, публицист, тележурналист, әдебиет сыншысы, Қазақ ССР Мемлекеттік телерадио комитетінің төрағасы Сағат Әшімбаев атындағы стипендия тағайындады.

Стипендиядан үміткер комиссияға мақала, телевизиялық және кино сценарий, сайттардағы жазбасын; оқу үлгерімін дәлелдейтін құжатын; деканат берген мінездемесін Әшімбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы реферат ұсынуы қажет.

Конкурсқа материалдар 2017 жылдың 10 мамырына дейін Астана қаласында Қонаев көшесі,4, Алматы қаласында желтоқсан көшесі, 177 мекен-жайлары бойынша қабылданады.

Толық ақпаратты мына байланыс телефондары арқылы білуге болады:

Алматы қаласы: +7 (727) 393-22-16;

Астана қаласы: +7 (7172) 55-38-22.