«Тау-кен металлургия кешенінің инновациялық дамуы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті илемдеу өндірісінің теориясы мен тәжірибесіне үлкен үлес қосқан, Жоғары мектептің Халықаралық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Давильбеков Нариман Халбековичтің туылғанына 80 жыл толуына орай «Тау-кен металлургия кешенінің инновациялық дамуы» тақырыбына Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты тау-кен металлургия саласының қазіргі жай-күйіне және даму болашағына талдау жасау, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру.

Өткізу мерзімі: 18-19 мамыр 2017 ж.

Өткізу орны: Қазақстан, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті.

Конференция жұмысының бағыттары:

·        Тау-кен металлургия саласын дамытудағы инновациялық технологиялар;

·        Илемдеу өндірісінің проблемалары және оларды шешу жолдары;

·        Тау-кен және металлургия машиналары мен жабдықтары;

·        Мұнайды барлау, өндіру және тасымалдау технологиялары мен техникалары;

·        Наноғылымдар және нанотехнологиялардың дамуы;

·        Материалтану және металл өңдеу;

·        Экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік;

·        Математикалық модельдеу және ақпараттық технологиялар;

·        Тау-кен металлургия және мұнай-газ секторларының әлеуметтік-экономикалық проблемалары және мамандар даярлау мәселелері.

Негізгі мерзімдер:

·        3 мамыр – тапсырыстар мен материалдар қабылдаудың моңғы күні

·        17 мамыр – қатысушылардың келуі және оларды орналастыру күні

·        18 мамыр – қатысушыларды тіркеу, форумның ашылу және бірінші жұмыс күні

·        19 мамыр – конференция жұмысы; жабылуы.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақша, орысша, ағылшынша.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 050013, Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Тау-кен металлургия ғимараты, «Технологиялық машиналар және жабдықтар».

Тел.: +7 (727) 257 70 67, +7 (727) 257 70 69

E-mail: konferenctmio@gmail.com

 

Ақпараттық хат