«Иран және Орталық Азия халықтарының рухани–тарихи байланыстары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2017 жылдың 15-16 мамырда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің 75-жылдық мерейтойына арналған «Иран және Орталық Азия халықтарының рухани–тарихи байланыстары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты – аймақтағы халықтар мәдениетінің өзара байланысы мен ықпалы мәселелерін зерттеуге қатысты ой алмасу.

Конфернция барысында ғасырлар бойғы иран мен түркі халытарының арасындағы өзара байланысты, тіл, тарих, әдебиет пен этнография, философия және дін аясындағы сұрақтарды талқылау жоспарланады.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:  

1. Иран мен Орталық Азияның ғасырлар бойғы өзара әрекеттестігі;

2. Тілдік байланыстар мен өзара ықпалдастық;

3. Әдеби қарым-қатынас;

4. Иран мен Орталық Азиядағы сәулет өнері мен көркемөнер;

5. Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеудегі парсы тіліндегі дереккөздердің маңызы;

6. Иран мен Орталық Азия тарихына қатысты араб тілдіндегі дереккөздер;

7. Орталық Азия мен Кавказ өңірі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты түркі тілдеріндегі дереккөздер.

Барлық қызығушылық танытатын мамандарды аталмыш конференция жұмысына қатысуға шақырамыз. Біз ғылыми аймақ тарихы мен мәдениетін зерттеу саласында, аймақтағы халықтардың тарихы мен мәдениетін баяндайтын дерек көздері мен түпдеректер саласында тығыз ынтымақтастыққа үміттенеміз.

Конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың 28 сәуіріне дейін қатысуға  арналған өтінім мен мақаланың толық мәтінін ұйымдастыру комитетіне жіберу қажет. Қатысуға өтінім тек берілген үлгі бойынша қабылданады. Ұйымдастыру комитетінің конференцияның тақырыбына немесе ғылыми мақалаларды рәсімдеу талаптарына сай келмейтін ғылыми мақалаларды қабылдамауға құқығы бар.

Материалдарды orientalsciences.kz@hotmail.com және oriyonfar@mail.ru электронды пошталарына жіберу қажет. Конференция жумысы мен басылымға 7-15 бет көлеміндегі мақалалар (Word форматында, файлдың атауы  мақала авторының тегі бойынша, латын әріптерімен жазылу керек .doc) қабылданады.      

Таңдаулы мақалалардың жарияланымы тегін.

Өткізілетін орны: 050022, Алматы қаласы, Мұратбаев көш. 200, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ бас оқу ғимараты, 15-16 мамыр 2017 жыл.

Байланыс ақпараты:

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Шығыстану факультеті.

Таяу Шығыс аймағының тілдер және аударма кафедрасы: №2 оқу ғимараты, 2 қабат, №212 каб. Тел.: +7(727) 272-60-05.

Қытай және Азия Тынық мұхиты аймағының тілдер және аударма кафедрасы: №2 оқу ғимараты, 2 қабат, №204 каб. Тел.: +7(727) 272-15-09.  

Жауапты: Ph.D., доц., Дәуен Динара Бақыткерейқызы, моб.тел.: +7 701 444 69 55

Ақпараттық хат