«Әлеуетті мүмкіндіктер негізінде Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әртараптандырын жеделдету» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2017 жылдың 15-ші маусымында Х Астана экономикалық форумы аясында «Әлеуетті мүмкіндіктер негізінде Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әртараптандырын жеделдету» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясын өткізуді жоспарлайды.

Конференцияның мақсаты: әлеуетті мүмкіндіктер негізінде Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және әртараптандыру жеделдетудің және ел экономикасының бәсекеге қабілетілігін жоғарылату бойынша ұсыныстарды әзірлеудің өзекті мәселелерін жас ғалымдар арасында өзара ақпарат алмасу.

Конференцияда келесідей секциялар жұмысы жоспарланып отыр:

·        Туризм – Қазақстан экономикасын әртараптандыру құралы ретінде;

·        Әлеуетті мүмкіндіктердің негізінде Қазақстан экономикасын әртараптандыруды жеделдету жағдайында есепті, аудитті және талдауды дамыту;

·        Жаһандану жағдайында Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: трендтер, көрсеткіштер, әсер ету факторлары;

·        Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілетті факторы ретінде ауыл шаруашылықта кәсіпкерлікті дамыту;

·        Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын әртараптандыру факторы ретінде инновациялық менеджмент және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік;

·        Ұлттық экономиканы тұрақты дамыту факторы ретінде Қазақстанның қаржылық секторының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция материалдары 2017 жылдың 25-ші мамырына дейінгі мерзімде конференцияның ұйымдастыру комитетіне электрондық пошта арқылы немесе қолма-қол түрде қатысушының өтінішін және басылым мәтінін электронды және қағаз түрлерінде тапсыру қажет. Жіберілген жұмыс конференцияның редакциялық алқасына тапсырылады және қабылданған соң автордың электрондық поштасына мақаласын басылымға шығару шешімі жіберіледі. Мақаланы қайтарған жағдайда редакциялық алқа шешімінің нақтыланған жауабы жіберіледі.

Конференцияны өткізу уақыты мен орны: 2017 жылдың 15-ші маусым, Астана қаласы, Сәтбаев көшесі 2, ОӘҒ (бас ғимарат), 208 ауд., сағат 10.00-де.

Қосымша ақпаратты келесі мекен-жай бойынша алуға болады:

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қажымұқан көшесі 11, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқу-зертхана ғимараты (ОЗҒ), 607 кабинет.

Байланыс телефоны: 7(7172) 709-500/ ішкі: 32-607.

Жауапты тұлға Дүйсембаев Азамат Алдaшұлы, ұялы тел.: +7 701 8805878.

Ақпараттық хат