«Болашақ педагогты кәсіби даярлау: теория және практика» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

Құрметті әріптестер!

Сізді 2017 жылдың 17 маусым күні өтетін педагогика ғылымдарының докторы, физика профессоры, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі С.С. Маусымбаевтың 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылған «Болашақ педагогты кәсіби даярлау: теория және практика» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференция 17 маусым 2017 жылы мына мекен-жайда өтеді: Семей қ., Тәңірберген көшесі 1 (акт залы), Семей қаласынның Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1. Білім берудің ғаламдану жағдайында педагог кадрлардың кәсіби даярлығының теориялық-әдіснамалық негіздері.

2. Жаратылыстану циклы пәндері мұғалімдерінің даярлығының сапасын арттыру.

3. Жоғары кәсіби педагогикалық білім берудің дидактикасын жетілдіру проблемалары.

Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың 1 маусымға дейін көрсетілген meruert_89.2010@mail.ru электрондық мекен-жайға және келесі құжаттар жіберуіңіз қажет:

1.   Мақала мәтіні 5 беттен аспауы тиіс;

2.   Қатысуға өтінім (форма бойынша).

Ұйымдастыру жарнасының төленуі туралы түбіртек – 3 500 теңге.

Байланыс: +77027046473 (п.ғ.к., физика кафедрасының доценті м.а. Желдыбаева Балғын Сембайқызы).

 

Ақпараттық хат