Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының шетел азаматтарына арналған білім беру гранттары

Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы 2017-2018 оқу жылына ланкалық мемлекеттік жоғары оқу орындарына 100 астам бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға шетел студенттерін қабылдау бастағанын хабарлайды. Бағдарлама қатысушылары тегін оқу, тегін визалық қолдау, 30 мың ланкалық рупий (шамамен 200 АҚШ доллары) көлемінде айлық шәкіртақы және әуе жол шығындарымен қамтамасыз етіледі.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткер төмендегі сауалнаманы толтыру керек. Құжаттарды тапсыру мерзімі 2017 жылдың 8 мамырына дейін.

Толық ақпаратты келесі сілтеме бойынша алуға болады www.mohe.gov.lk

Білім беру бағдарламалары