«Үлкен Алтай мен Қазақстан аймақтары этномәдениетінің дамуына білім беруді біріктіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Алтай мемлекеттік педагогикалық университетімен (Барнауыл қ.) бірлесіп 2017 жылғы 28 сәуірде «Үлкен Алтай мен Қазақстан аймақтары этномәдениетінің дамуына білім беруді біріктіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференция мақсаты: Үлкен Алтай мен Қазақстан аймақтары этномәдениетінің дамуының теориялық-әдіснамалық, ғылыми – әдістемелік және практикалық мәселелерін талқылауда казақстандық, ресейлік ғалымдар мен практиктердің күшінің нығаюы; этномәдени білім берудің теориясы мен практикасы бойынша ғылыми-педагогикалық мектептердің тәжірибесімен мәдениаралық қарым-қатынасты ұйымдастыру технологияларымен алмасу; қазақстандық және ресейлік ғалымдар мен педагог-практиктердің біріккен жобаларын қарау бойынша тәжірибемен алмасу.

Конференция жұмысының тілі  – қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Конференцияға қатысу келесі түрде жүзеге асырылады: бір немесе бірнеше секциялардың отырысы шеңберінде баяндама, сыртай қатысу.

Конференция жұмысының бағыттары:

1.     Жоғары мектеп қызметі аймақтың этномәдениетінің дамуы іспетті.

2.     Балалар мен жастарды этномәдениетілік және көп мәдениетілік білім беру мен тәрбиелеу

3.     Ұлттық және мәдени бірлестік: қазіргі жағдайы мен даму перспективасы.

4.     Үлкен Алтай мен Қазақстан аймақтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және зерттеу мәселелері.

5.     Көп мәдениеттілік және этномәдени білім берудегі мәдениет аралық қатынас пен тілдер мәселелері.

6.     Этномәдени және кәсіби ділдік және педагогтың ойлау санасы.

7.     Сабақ беруде жаңа тәсілдерді қолданып, тарих сабағында ұлттық салт-дәстүрлер элементтерін қолану.

8.     Үлкен Алтай мен Қазақстан аймақтарындағы экология мен туризм.

Конференцияға қатысумен байланысты шығындар, конференция қатысушылары есебінен өтеледі. 

Қатысушыларды тіркеу сағ. 09.00-ден 10.00 дейін

Конференцияның басталуы – сағ 10.00

Байланыс: 140000, Қазақстан Республикасы,  Павлодар қ.  Мир көшесі, 60-үй, Ғылым басқармасы ғылыми жұмысты ұйымдастыру бөлімі (216 каб.)

Елмұратова Бахытгүл Амантайқызы – 8 (718 2) 651-612 (Қазақстандық қатысушылар үшін);

656031, Рессей, Барнаул қ.,  Молодежная көш, 55-үй, гранттар мен жобалар бөлімі,

Бокова Ольга Александровна, псих. ғ.канд. 8 (3852) 288 – 412 (Ресей қатысушылары үшін).

Ақпараттық хат