Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ғылыми кітапханада «КІТАПХАНА ТАҢЫ» бағдарламасы өтеді

2017 жылғы 21 сәуірде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ғылыми кітапханада «Кітапхана таңы» бағдарламасы өтеді.

Бағдарламада: поэтикалық марафон, авторлармен кездесу, көрме мен таныстырылымдар өткізіліп,викториналық сұрақтар және ұтыс ойындары жүргізіледі. Бағдарлама барысында шәй мен кофе ұсынылатын болады.

Өтетін уақыты: сағат 7.00-ден 9.00-ге дейін

Сіздерді Пушкин көшесі, 11 мекен-жайында орналасқан кітапхананың бас ғимаратында күтеміз.

Қош келдіңіздер!