«Академиялық адалдық және университетті басқару» тақырыбындағы дәстүрлі конференциясы

ҚазГЗУ Университетінің Экономика Жоғары Мектебі және Назарбаев Университеті Университетті Басқару саласындағы Академиялық Адалдық тақырыбында екінші конференция Астана қаласында өтетіні туралы хабарлайды.

Конференцияның мақсаты академиялық адалдық туралы теориялық және эмпирикалық зерттеулермен бөлісу; бүкіл әлем бойынша ең үздік тәжірибелерді талқылау және жаңа тәсілдерді қолданысқа енгізу болып табылады.

Аталмыш конференцияға қатысуға жергілікті, аймақтық және халықаралық университеттер мен институттардан ғылыми зерттеушілер, жас мамандар, тәжірибелі мамандар мен магистранттар шақырылады.

Төменде көрсетілген үш тақырыптық бағыттардың біріне арналған, төлтума, қосарланған тексеру әдісі бойынша рецензияланатын, ғылыми және қолданбалы форматтағы кейс-стади, тақырыптық зерттеулер, әдеби шолу және тұжырымдамалық мақалалар, аяқталған немесе үдерістегі тезистер қабылданады. 

ҚАТЫСУШЫЛАР ӨТІНІШТЕРІН мына электрондық поштаға жіберуі қажет: conference2017@hse.kazguu.kz

БАЯНДАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

A. Өзектілігі. Тезистер академиялық адалдық және басқару саласындағы маңызды теориялық және практикалық мәселелерді қамтуы тиіс.

Б. Зерттеу ауқымы. Аймақтық және халықаралық деңгейлерде зерттеушілер мен практиктерді қызықтыратын тезистерге  артықшылық беріледі.

B. Жүйелілік. Тезистер теориялық және/немесе практикалық қолдану бойынша ұсыныстарды көрсете отырып, қисынды құрастырылған, ағылшын тілінде жазылған болуы тиіс.

• Тіркелу жарнасы: 20 сәуір 2017 жыл

• Бағдарламаның соңғы нұсқасын бекіту: 25 сәуір 2017 жыл

·          Баяндаманың толық мәтінін жіберу: 30 сәуір 2017 жыл

Конференцияның өтетін күндері: 19-20 мамыр, 2017 жыл.

Конференцияның сайты: http://hse-conference2017.kz/

 

Ақпараттық хат