19 сәуірде белгілі жазушы, драматург, ғалым, ҚР еңбегі сіңген қайраткері Жолтай Әлмашұлының 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

2017 жылдың 19 сәуірінде сағат 15.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен белгілі жазушы, драматург, ғалым, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Әлмашұлының 60 жылдық мерейтойына орай, шығармашылық кеш өтеді. Кеш барысында автордың шығармаларынан монологтар оқылып, «Күй-ғұмыр» драмасынан үзінді көрсетіледі. Зиялы қауым қаламгердің проза, драматургия, көсемсөз туындылары туралы ой толғайды.

Өтетін орны: ЕҰУ-дің №4 оқу ғимаратының акт залы.