«Қазақстандағы жаңартылатын энергетика бойынша жобалардың іске асырылу тәжірибесі: мәселелері мен болашағы» атты конференция

2017 жылғы 21 сәуір күні «Қазақстандағы жаңартылатын энергетика бойынша жобалардың іске асырылу тәжірибесі: мәселелері мен болашағы» атты конференция өтеді.

Пленарлық мәжіліс: «Мемлекеттік саясат пен ЖЭК қолдау тәжірибесі”.

• ЖЭК дамыту саласындағы нормативті-құқықтық базасын жетілдіру болашағы мен қазіргі күйі;

• Қазақстандағы ЖЭК дамытуды қолдау бойынша ҚР нормативті-құқықтық базасын талдау;

• ЖЭК жобаларына инвестицияларды тарту тәжірибесі;

• ЖЭК дамыту индикаторлары;

• Тізімге қосылған және қосылмай қалған ЖЭК жобаларын іске асырудың қазіргі күйі;

• ЖЭК бағдарламаларын іске асырудың қиыншылықтары мен оларды шешу жолдары, электр энергиясын сатып алуда тарифтарды индекстеу бойынша құзыретті органдардың шешімді қабылдауының уақытша индикаторлары. 

Дискуссия сұрақтары:

1. ЖЭК дамуының негізгі кедергілері, оларды кеміту жолдары.

2. ҚР ЖЭК дамыту қажет пе?

3. Уәкілетті органдардың саясатында ЖЭК дамыту басымды ма?

4. ЖЭК дамуының сауатты стратегиясын құруда мемлекеттік органдардың мотивациясын қалайша арттыруға болады?

Конференцияның барлық қатысушылары дискуссияға араласуға мүмкіндігі бар, ҚР ЖЭК саласы бойынша жағдайды жақсартуға байланысты өз пікірлері мен ұсынымдарын айта алады. Күн тәртібіне тарифтік реттеуге, ЖЭК жобаларын қаржыландыру тәжірибесімен байланысты және инвестицияларды қайтаруды қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар шығарылады.

Конференцияның қатысушылары – мемлекеттік басқару мен жергілікті өзіндік басқару органдарының, энергетикалық компаниялардың, технология мен құрылғыларды өндірушілердің, жобалық ұйымдардың өкілдері, ЖЭК жобаларының инициаторлары, консалтингтік компаниялар, девелоперлер, инвесторлар, ғылыми қызметкерлер мен эксперттер.

«Қазақстандағы жаңартылатын энергетика бойынша жобалардың іске асырылу тәжірибесі: мәселелері мен болашағы» конференциясы мен қатысу шарттары туралы толық ақпараттарды Сіз іс-шараның үйлестірушілерінен ала аласыз.

Байланыс тұлғасы: Салтанат Бөлегенова, Saltanat.Bolegenova@kaznu.kz, +7 (727) 377 34 08, +7(701)386 97 55, +7(707)724 49 80. Өмірбекова Әсел, info@mkat.kz, +7(727)248 53 39, +7(701)555 74 94, +(777)333 66 69.

Қатысушыларды тіркеу: сағат 09.30 – 11.30

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әл-Фараби кітапханасы

 

Ақпараттық хат