«Педагогикалық кадрларды даярлауда дуалды оқыту жүйесін ендіру: шетелдік әдістеме және тәжірибе» атты Халықаралық форум

Құрметті әріптестер!

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 2017 жылдың 27-28 сәуірінде «Педагогикалық кадрларды даярлауда дуалды оқыту жүйесін ендіру: шетелдік әдістеме және тәжірибе» атты Халықаралық форум өткізеді.

Халықаралық форумның мақсаты: Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясында жоғары педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау және  жаңа білім беру траекториясын жасау. Қазақстан Республикасында педагогикалық кадрларды дайындауда дуалды оқыту жүйесін ендірудің негізгі бағыттары анықтау, тиімді жолдарын көрсету және шетелдік тәжірибені зерделеу.

Халықаралық форум бағыттары:

1. Жаһандық бәсекеге қабілетті мамандар  дайындауда дуалды оқыту жүйесін  ендіру: өзекті мәселелері,  тиімді шешу жолдары және шетелдік  тәжірибе.

2. Дуалды білім мен ғылым интеграциясы негізінде Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Назарбаев университетінің инновациялық                          іс-тәжірибелерін үйрену, зерттеу, тарату жолдары.

3. Дуалды білім беру жүйесінде  педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін  арттыруда  ІТ технологияларды пайдалану: инновациялық тәжірибе және әдістеме.

Халықаралық форум қатысуға  арнайы шақырылады:

1)     ҚР Білім және ғылым Министрі;

2)     Шетелдік ғалымдар;

3)     Назарбаев университетінің Президенті және ҚР ЖОО-ның ректорлары;

4)     Қазақстан Республикасында нәтижелі жұмыс жасап жатқан 20 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің директорлары;

5)     «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалдарының директорлары ;

6)     ” Өрлеу”  Біліктілікті  арттыру Ұлттық Орталығы” АО филалдары;

7)     Республикалық және облыстық білім беру ұйымдарының басшылары, педагогикалық мамандарды даярлайтын Қазақстандық арнаулы және ЖОО-ның өкілдері, ғалым-педагогтары, магистранттар мен докторанттар, жалпы орта білім беретін  мектептердің директорлары,  жаңашыл мұғалімдері қатысады.  

Сондай-ақ, Халықаралық форумға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де шақырылады. Халықаралық форум аумағында «Үздік инновациялық өнім-2017» көрмесін  өткізеді.

Сондай-ақ, Халықаралық форум аумағында шебер-сыныптар  өткізіледі:

– «Қазақстан Республикасында педагог кадрларды даярлауда дуалды білім беру жүйесін ендірудің ерекшеліктері»;

–  «Дуалды білім беру жүйесін ендіру басымдықтары: «Сіз не дейсіз?».

Халықаралық форумның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

Ұйымдастыру комитеті Халықаралық форум материалының жинағын шығаруды көздеп отыр. Халықаралық форумға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне мына электронды поштаға InterForumDual2017@mail.ru: баяндама (мақала) және Халықаралық форумға қатысушының тіркеу формасын электронды түрінде өткізу қажет. Ұйымдастыру жарнасы – 3 000 тг.

Халықаралық форум жинағына мақалалар 2017 жыл, 24 сәуір, сағат 1800 дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш әкелінген мақалалар қабылданбайды.

Баяндаманы мына мекен-жайға жіберіңіздер: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қ., Төле би көшесі, 68. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Ғылым бөлімі. («ТарМПИ Халықаралық форумына») деп көрсетілсін.

Телефондар: (8 7262) 51-00-45; (8 7262) 52-63-17.

                    

Ақпараттық хат