«Алаштану және музей» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

2017 жылды «Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы» деп жариялауына және Алаш партиясының 100 жылдығына орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы «Алаштану және музей» республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция Түркістан қаласында өтеді.

Конференция тақырыбының негізгі бағыттары:

1.     Алаш қайраткерлерінің қазақ қоғамындағы орны 

2.     Алаш қозғалысы және Алаш Орда үкіметінің зерттелуі мен насихатталу жайы

3.     Музей және алаштану мәселелері

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері

Конференцияға Республика және алыс жақын шетелдер ғалымдары қатысады. Конференцияның материалдары жинақ түрінде алдын ала шығарылады.

Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары өз есебінен немесе жіберуші жақтан төленеді.

Конференцияның ұйымдастыру комитетінің  мекен-жайы:

161200, ҚР ОҚО, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы 282 А, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы, тел (факс): 8 (725-33) 3-23-00,  e-mail: azret-sultan @mail.ru.

Конференцияға қатысу үшін баяндамалар ұйымдастыру алқасының мекен-жайына 2017 жылдың 21 сәуіріне дейін жіберілуі тиіс.

 

Ақпараттық хат