«Ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім беру» атты жаңашыл педагогтардың Халықаралық форум

Құрметті әріптестер!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2017 жылдың 27-28 сәуір аралығында өтетін  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да  «Ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім беру» атты жаңашыл педагогтардың Халықаралық форумына қатысуға шақырады.

Жаңашыл педагогтардың Халықаралық форумы келесі бағыттарда жұмысты жүргізеді:

1. Әлемнің түрлі аймақтары мен елдеріндегі білім дамуының стратегиялары.

2. Білім берудегі заманауи инновациялар

3. Бәсекеге қабілетті кадрларды дайындаудағы мәселелер және білім беру сапасы.

Форумның мақсаты – шетелдік жоғары оқу орындары  және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында кәсіби тәжірибені насихаттау және жинақтау, оқытушының шығармашылық әлеуетін арттыру, оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейін және сапасын көтермелеуге ықпал теу.

Форумның міндеті – шет елдік және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасында кәсіби тәжірибе алмасу мен қарым–қатынас түрін  кеңейту, педагогтардың кәсіби деңгейінің  өсуіне қолдау жасау.

Форум барысында төмендегідей байқаулар ұйымдастырылады:

«Пәннің үздік оқу – әдістемелік кешені», «Үздік оқулық (оқу құралы)» «ПОҚ үздік дәріс»,  «Үздік кейс», «Үздік портфолио», «Үздік электронды оқулық (ПОӘК)» және «Үздік мультимедиялық презентация»; педагогтардың инновациялық жұмыстарының көрмесі; шеберлік-кластары; тренингтер өткізіледі.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылардың мақалалар жинағының материалдарын баспадан шығару жоспарланып отыр.

Форум шеңберінде қашықтықтан бейнеконференция түрінде баяндамалар жасау және қатысушылардың ұсынысы бойынша жаңа байқаулар ендірілу қарастырылған. Педагогтардың инновациялық жұмыстарының көрмесі мен байқауларға 2016 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың қазіргі уақытына дейінгі аралықта дайындалынып және баспадан шыққан материалдар қатысады.

Форум жұмысына қатысу үшін шет елдік және ҚР жоғары оқу орындары профессор – оқытушылар құрамы, докторанттары мен магистранттары, жас ғалымдар, колледж және мектеп мұғалімдері шақырылады. Мақалалар мен конкурсқа қатысатын материалдар 2017 жылдың 20  сәуіріне дейін жіберілуі тиіс.

Форумды ұйымдастырушы комитетінің мекен-жайы:

160000, Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент, Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету Орталығы – бас ғимарат, 2 этаж, 200 каб, ББӘҚО телефоны: 8 (7252) 21-06-93.

Форум координаторы –Тасыбаева Шолпан Бакибулдаевна.

Электронды мекен-жайы: tasybaeva_s@mail.rubarno-007@mail.ru.

Форумның еңбектер жинағын басып шығаруға ұйымдастырушылық жарна 3 500 теңгені құрайды.

Міндетті түрде төлем ақының түбіртегінің көшірмесін tasybaeva_s@mail.ru / barno-007@mail.ru  электронды мекен жайға жіберу қажет.

 

Ақпараттық хат