«Техникалық бағыттағы білім алушылардың практика өту тәжірибелерін трансформациялау және заманауи мәселелер» тақырыбындағы семинар

2017 жылдың 19 сәуірінде сағат 14:00-де Астана қ. «Қазгидромет» ШЖҚ РМК базасында университеттің кәсіптік практика жетекшілеріне арналған семинар-кеңес өтеді. Сонымен бірге іс-шараға «HERE Kazakhstan» ЖШС, «Қазақстандық метрология институты» РМК, «ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» ШЖҚ РМК, «KGS-Astana» ЖШС, «КСИ «Фактор» ЖШС және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысады.

Аталған семинар-кеңестің мақсаты ‒ техникалық бағыт мамандықтарындағы білім алушылардың кәсіптік практиканы өту тәжірибесімен алмасу.

Семинар-кеңес барысында вэб-картография мен өңірдің сандық моделін жасау саласындағы халықаралық серіктестік туралы, білім алушылардың практика өту тәжірибесі, инженерлік мамандарды дайындаудағы ерекшеліктер туралы мәселелер талқыланады.

Аталмыш іс-шара кезінде білім алушылардың кәсіптік практика өту үдерісін жақсарту бағытында  ұсыныстар әзірленеді.