«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Сізді 2017 жылдың 5 мамырында өтетін көрнекті қоғам қайраткері, жазушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есімнің 70 жылдық мерейтойына арналған «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференция аясында келесі секциялардың жұмысы жоспарлануда:

1. Секция: Абай және әлем ойшылдары.

2. Секция: Мәңгілік ел – Ұлы дала философиясы.

3. Секция: Жақсы қазақ идеясы.

Конференцияның мақсаты мен міндеттері:

• Абайдың ойшылдық қырын заман сұраныстарына қарай сабақтастырып, әлем халықтарының ең көрнекті деген ойшылдарының ойларымен байланыстырып  тың ойлар айтып, сапалы талдау жасау;

• Қазақ философиясындағы өзекті мәселелер, адами құндылықтар, категорияларға сараптамалық мақалаларды көпшілікке ұсыну;

• Ұлы дала философиясы – қандай болуы қажет, дәстүр, іскерлік, дәулет философиясы, Қазақ Қызы идеясына қатысты жаңа ойлар мен ұсыныстар ұсыну.

• Еліміздегі кәсіптік және жоғары оқуы орындарындағы міндетті оқытылатын «Философия» пәнін оқытудың жаңа формаларын, тақырыптары мен мазмұнына қатысты оймен бөлісу. 

Конференция шеңберінде Ғарифолла Есім кітаптарының таныстырылымы, сондай-ақ фото көрмесі ұйымдастырылады.

Конференция жұмыс тілдері: қазақ, түрік, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың 25 сәуіріне дейінгі мерзімде  ұйымдастыру комитетіне мына электронды пошта adamzatkonf@mail.ru арқылы төменде көрсетілген тізімдегі құжаттарды ұсыну қажет:

1. Конференцияға қатысуға арналған өтінім.

2. Баяндама материалдары.

Авторға (конференция қатысушысы) оның материалдарының қабылданғандығы туралы хабарлама 2017 жылдың 29 сәуіріне дейін жіберіледі. (Конференция тақырыбы, мақсаты мен міндеттеріне сай келмейтін мақалалар қабылданбайды және жинаққа енгізілмейді)

Іс-сапар шығындары жіберуші тараптан немесе конференцияға  қатысушының есебінен жүргізіледі.

Байланыс: 010008 Астана қ. Қ.Сатбаев к-сі, 2. Тел./факс: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі тел.: 35-214).

E-mail: adamzatkonf@mail.ru.

Ақпараттық хат