«ХХІ ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми форум

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы сіздерді 2017 жылы 26-28 сәуірде сырттай түрде өтетін «ХХІ ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми форумның материалдарына мақала жариялауға шақырады.

Форум жұмысының негізгі бағыттары:

І. Әдебиеттану және фольклортану:

1)     Әдебиеттанудың теориялық және методологиялық мәселелері.

2)     Қазіргі қазақ әдебиеті және классикалық әдебиет: интерпретациялық мәселелер.

3)     Қазақстан мәдени кеңістігіндегі шетел әдебиеті.

ІІ. Лингвистика:

1)     Қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелері.

2)     Мәдениаралық катыныстар және аударма мәселелері.

3)     Тіл және қазіргі қоғам.

ІІІ. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі:

1)     Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдер.

2)     Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жаңаша технологиялар.

3)     Қазіргі филологиядағы пәнаралық зерттеулер.

4)     Филологиялық білім: қазіргі күй және болашақ.

Форумға ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, магистранттар мен докторанттар қатыса алады. Форумға қатысу үшін мақалалар 2017 жылдың 25 сәурге дейін қабылданады.

Форумның материалдар жинағының электрондық нұсқасы 2017 жылдың 25 мамырға дейін жіберіледі. Өтініштер мен жарық көретін материалдар мына мекен-жайда қабылданады: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71. ҚазҰУ Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы  кафедрасы (3-қабат, 323, 325-каб.). Форумға қатысу үшін ғылыми материалдарды мына e-mail: teorialit@list.ru  жіберуге сұраймыз.

Байланыс телефондары: Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы +7(727) 3773339 (+1328, 1330 санын қосымша теріңіз).

Ақпараттық хат