6D090200 – «Туризм» мамандығы бойынша ізденуші А.К. Есенгабылова «Қазақстан Республикасындағы емдік-сауықтыру туризмінің дамуын жетілдіру: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Айман Касенхановна Есенгабылованың 6D090200 – «Туризм»  мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасындағы емдік-сауықтыру туризмінің дамуын жетілдіру: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертация қазақ тілінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Туризм» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Рүстембаев Базархан Ергешович – экономика ғылымдарының докторы, профессор, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Маркетинг және сервис» кафедрасының меңгерушісі.

Есайдар Үрзада Серімқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, Алматы технологиялық университетінің «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының доценті.

Ғылыми кеңесшілері:

Сыздықбаева Бақыт Ұзақбаевна – экономика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Туризм» кафедрасының профессоры.

Ғылыми шетелдік кеңесшісі:

Недим Юузбашыоглу – PhD докторы, Акдениз университетінің қауымдастырылған профессоры, Анталия қаласы, Түркия Республикасы.

Диссертация  қорғау  2017  жылдың  12  мамырында  сағат 14.30-да Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6D060900 – «География», 6D090200 – «Туризм» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңестің мәжілісінде өтеді.

Мекен-жайы: 0100008, Астана қаласы, Мұнайтпасов көшесі, 13, №3 ғимарат, 333 каб.

Қорғау тілі – қазақ.

Аңдатпа

Аннотация

Annotation

Диссертация

Шетелдік жетекшінің пікірі

Шетелдік жетекшінің пікірі

Ғылыми жетекшісінің пікірі

Ғылыми еңбектер тізімі