«Алаш» қозғалысының 100 жылдығына арналған тарих пәні мұғалімдерінің Республикалық Форумы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ  филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» Операциялық жоспарына сәйкес 2017 жылдың 12 мамырында «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына арналған тарих пәні мұғалімдерінің Республикалық  Форумы (әрі қарай – Форум) өткізіледі. Форум Blended форматында өтеді.

Blended форматы тікелей қатысу мен қатар онлайн тәртібінде қатысуға мүмкіндік береді.

Форум «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына арналады.

«ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» қозғалысының қайраткерлері тәуелсіздік үшін көпғасырлық күресте аса маңызды рөл атқарды. «Алаш» бірінші саяси партияны құруда қазақ халқы қайраткерлерінің жоғары саяси әлеуеті мен қабілеттілігін көрсетті. «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы жай тарих болып қалмау керек, оны заманауи тәуелсіз мемлекетпен тығыз байланыстыру қажет. «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің арманы мен мақсаттары, олардың орындалуы, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы халықтың тарихи және ұлттық санасын көтеруі тиіс»,- деп Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері, саяси ғылымдардың докторы, РФ-нда Қазақстан Республикасының төтенше және уәкілетті елшісі И. Тасмағамбетов айтты. 

Форумның мақсаты: Қазақстандықтардың тарихи сана-сезімінің және Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы «Алаш» қозғалысының тарихи маңыздылығын насихаттау арқылы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру.

Форум жұмысының негізгі бағыттары:

1.     Алаш Орда: Қазақ мемлекеттілігі бастаулары мен қазіргі заман.

2.     Қазіргі заманның мәнмәтініндегі «Алаш» ұлттық идеясының философиясы.

3.     Тарих сабақтарында жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу.

4.     Ұлтаралық және діни толеранттылыққа тәрбиелеу.

5.     Жас ұрпақ азаматтығын қалыптастырудағы тарих мұғалімінің рөлі.

6.     Мектеп және ЖОО тарихи білім беруді дамыту болашағы.

Форумға қатысудың тәртібі:

Форумға қатысу үшін ведомстволық тиістілігіне, түрі мен меншік нысанына қарамастан мұғалімдер, бастауыш, орта, жоғары және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, зерттеушілер, докторанттар, магистранттар шақырылады.

Форумның басым бағыттарына сәйкес мақалалар мен өтінімдерді келесі электрондық мекен-жайға жіберу керек: forum-12.05.17@mail.ru

Форумға қатысу үшін Ұйымдастыру комитетіне «Тарих пәні мұғалімдерінің Форумы» белгісімен электрондық мекен-жайға өтінім және бағыттарға сәйкес материалдарды (3 беттен кем емес) жолдау қажет. Өтінім мен мақала жеке файлдарда сақталады.

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Өтетін уақыты: 2017 жылдың 12 мамырында,  сағ. 10.00. (Астана уақытымен) өтеді.

Жұмыстар 2017 жылдың 27 сәуіріне дейін Ұйымдастыру комитетіне  тапсырылуы қажет. Мерзімінен кеш жіберілген жұмыстар  қарастырылмайды.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 150007 Петропавл қаласы, Мир көшесі, 69А, СҚО бойынша ПҚ БАИ,  327 кабинет.

Байланыс телефоны: 87776209945 (Нұртаева К.Б.)

 

Ақпараттық хат