13 сәуірде «E-STUDIO» орталығының есептік концерті өтеді

Құрметті достар, біз, «E-STUDIO» орталығы, “SAMRUK” би мектебінің қолдауымен көптен күткен есептік концерттің өтетінін xабарлаймыз. Бұл кеште сіздерді әдемі дауыстар, соңғы xиттар, таңқалдыратын қойылымдар және көптеген тосын сыйлар күтеді.

Университетіміздің талантты және белсенді студенттерімізге қолдау көрсетейік. Жақсы көңіл-күй сыйлауға уәде береміз!

Басталуы: сағат 17:00

Өтетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу-зертханалық ғимаратының конференц-залы. 

#enu #zhastarenu #enu_e_studio