«Қазақстан тарихы мәселелері және академик Т.З. Рысбековтың ғылыми мектебі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Құрметті әріптестер!

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Сіздерді 2017 жылдың 29 қыркүйек күні өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.З. Рысбековтың 70 жасқа толуына орай ұйымдастырылатын «Қазақстан тарихы мәселелері және академик Т.З. Рысбековтың ғылыми мектебі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

I секция. Отан тарихының өзекті мәселелері: жаңаша ізденістер мен әдістер.

II секция. Қазақстан тарихының тарихнамалық және деректанулық зерттеулері.

III секция. Отан тарихындағы әдістемелік ұстанымдар мен жаңаша көзқарастар.

ІV секция.  Батыс Қазақстан тарихы Т.З.Рысбеков зерттеулерінде.

Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін 2017 жылдың 25 тамызына дейін көрсетілген мекен-жайға немесе электрондық мене-жайға жіберуіңіз қажет: үлгіге сәйкес өтініш; баяндама мәтінің электрондық нұсқасын; ұйымдастыру жарнасының төленуі туралы түбіртек (3500 теңге).

Мекен-жай, байланыс телефон, электрондық пошта:  Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, 090000, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 34, (М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің №3 оқу ғимараты, тарих, экономика және құқық факультеті, 409 каб.): жұмыс телефон: +7(7112) 51-04-69; e-mail: kafedra.istoriirk@mail.ru.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады: Бижанова Әлия Ермекқызы – жұмыс телефон: +7(7112)51-04-69; ұялы телефон: +77027265972;  Исмурзин Жәнібек Аллаярұлы – жұмыс телелефон +7(7112)51-04-69,  ұялы телефон: +77013825850; Лесова Айман Сұлтанқызы – жұмыс телефон: +7(7112)51-04-69, ұялы телефон: +77783200530.

Ақпараттық хат