«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мен кітап басылымдарының тұсаукесері

Қадірлі әріптестер!

2017 жылдың 11 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Отырар кітапханасы» Ғылыми орталығы Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «КІТАП ТАҒДЫРЫ – ҚОҒАМ ТАҒДЫРЫ» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция мен  кітап басылымдарының тұсаукесері өтетінін хабарлайды.

Конференцияда екі секция  жұмыс жасайды:

–         Алаш зиялыларының мұрасын іздеу, жинақтау және  зерттеу мәселесі

–         Кітап тағдыры- қоғам тағдыры

–         Конференция барысында «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығында дайындалған «ДВИЖЕНИЕ АЛАШ» 3 томдық құжаттар жинағының, профессор Т. Жұртбайдың «БОЛЬ МОЯ, ГОРДОСТЬ МОЯ – АЛАШ!» трилогиясының және «АКИНАК» әдеби-тарихи зерттеу еңбектерінің таныстырылымы өтеді.

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитеті және редакциялық комиссия конференцияға келіп түскен мақалаларды таңдау және жариялау құқығын өзінде қалдырады. Мақала 2017 жылдың  15 сәуіріне дейін қабылданады.

Конференцияны ұйымдастыру жарнасы – алынбайды.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы,  Астана қаласы, А. Пушкин көшесі, 11. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Отырар кітапханасы» Ғылыми орталығы, 110, 202 кабинеттер. Байланыс телефондары: +7 (7172) 70-95-19; ұялы тел.: 8 708 153 21 87 Еркін Ерланұлы, 8 7752499758 Еркінжан Сыламхан.

Электронды пошта: alash.azamaty@mail.ru; danagul77@mail.ru

Ақпараттық хат