«Алаш» партиясы көшбасшыларының Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы саяси және мәдени-ағартушылық аспектісіндегі халыққа жасаған қызметтері» атты халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференция

2017 жылғы 25-26 мамыр аралығында «Алаш»  партиясы  мен  «Алашорда үкіметінің» 100 жылдығына арналған «Алаш» партиясы  көшбасшыларының Қазақстанның  тәуелсіздік жолындағы  саяси  және  мәдени-ағартушылық аспектісіндегі халыққа жасаған қызметтері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1. «Алаш» партиясы құрылуының саяси-әлеуметтік мәні.

2. «Алаш» партиясының  бағдарламасы – қазақ қоғамының алғашқы саяси құжаты.

3. «Алаш» партиясы көшбасшыларының ұлттық-патриоттық қызметі және өскелең ұрпақтың тарихи санасын жаңғыртып, отансүйгіштікке тәрбиелеудегі ролі.

4.  «Алаш» партиясының мәдени-ағартушылық қызметтері.

5.  Алашорда үкіметінің қазақ халқының құқығы мен мүддесін қорғауы.

Конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы және шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми- зерттеу институттарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдар конференция жұмысына қатысуға шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. 

Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі (2 данадан) және электрондық нұсқасы, ұйымдастыру жарнасы (2 500 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен ukgu70@mail.ru немесе төмендегі мекен-жайда 2017 жылдың 15 мамырға дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, №3 «В» ғимараты, 2 қабат, 207 каб. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: т.ғ.к. Махашов Еркин Жумагалиевич – М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми-зерттеу басқармасының директоры.

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефон: +7 (7252) 21-06-48, 30-05-71

Факс: +7 (7252) 21-19-89

E-mail: ukgu70@mail.ru

Ақпараттық хат