«Білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер» атты ІХ жыл сайынғы халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2017 жылы 13 мамыр күні Алматы қаласында өтетін Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының сессиясына қатысуға шақырамыз. Қазақстан ПҒА-ның сессиясына ғалымдар Академияға мүшелігіне қарамастан шақырылады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

·        Салыстырмалы педагогика және салыстырмалы зерттеулердің әдіснамасы.

·        Жаңа білім беру мазмұнын жүзеге асырудың әдіснамалық негіздері.

·        Педагог кадрларды кәсіби даярлаудың проблемалары.

·        Азаматты рухани-адамгершілік дамыту және тәрбиелеу.

·        Заманауи оқулықтарды жасау.

·        Дуальді білім берудің даму перспективасы.

·        Заманауи білім берудегі үштілділік.

Конференцияға қатысу түрі: сырттай, мақала конференция материалдары жинағында жарияланады.

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын. Конференцияға қатысу үшін 2017 ж. 1-мамырға дейін ұйымдастыру комитетіне мынадай материалдар жіберу қажет:

1) қатысушының өтініші (ұсынылған үлгі бойынша);

2) қағазға шығарылған және электронды түрде баяндама мәтіні;

3) тіркелу жарнасын төлегенін растайтын түбіртектің көшірмесі.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Мұнарбаева Ақторғын Орынбекқызы, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясы, 050000, Алматы қ., Төле би к-сі, 155, 4-қабат, 401 каб. тел.: +7 727 221-25-95, +7 727 378-46-57, e-mail: apnkaz@mail.ru.

Веб-сайт: www.apnk.kz.

 

Ақпараттық хат