«Білім беру бағдарламаларының сапасын заманауи талаптарға сәйкес жүзеге асыру» тақырыбындағы жоғары оқу орындары арасындағы семинар

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2017 жылдың 5 сәуір күні сағ. 15.00 «Білім беру бағдарламаларының сапасын заманауи талаптарға сәйкес жүзеге асыру» тақырыбындағы жоғары оқу орындары арасындағы семинар өтеді.

Семинар мақсаты білім беру бағдарламаларының сапасын жетілдіруде отандық тәжірибелермен алмасу және оларды ЖОО-да бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда жүзеге асыру болып табылады.

Семинар бағдарламасында Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру талаптарына талдау жасау, Институционалдық деңгейде білім берудің ашықтығы мен сапасын қамтамасыз етуде U-mapping әдістемесін қолдану, Біліктілік сипаттамаларының білім беру мазмұнының бір бөлігі ретінде, ECTS бойынша оқу нәтижелерін тану, сонымен қатар Назарбаев университеті тәжірибесін бағдарламалардың академиялық сапасын арттыру процесінде қолдану тақырыптарында баяндамалар жасалады.

Аталған семинарда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқу ісі жөніндегі проректор А.А. Молдажанова және ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру әдістемесі мен мазмұны басқармасының басшысы Б.М. Нарбекова сөз сөйлейді. Сонымен қатар Назарбаев университетінің аға менеджері Мусина А.А., «Қазақ технологиялар және бизнес университеті» АҚ технологиялар факультетінің деканы Сафуани Ж.Е., С.Сейфуллин атындағы ҚАУ академиялық мәселелер департаменті директорының орындасары – тіркеу офисінің жетекшісі Алпыспаева Г. А., ҚР Бірінші Президенті- Ұлт көшбасшысы  атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери жоғары оқу орындарында оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің бастығы Бекишев Е.Ж. және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің жоспарлау және оқу-әдістемелік жұмыс бөлімінің бастығы Сағымбай А.Б. жоғарыда аталған тақырыптар бойынша өз көзқарастарын білдіреді.

Жоғары оқу орындары арасындағы семинар жұмысының нәтижесінде білім беру саласындағы нормативті құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар қабылданады.

 

Баспасөз хабарламасы

Бағдарлама