7 сәуір күні археология және этнология бойынша ІI Халықаралық пәндік олимпиада өтеді

Құрметті оқытушылар, докторанттар мен магистранттар!

Археология және этнология кафедрасының ұжымы Сіздерді 2017 жылғы 7 сәуірде Еуразия ұлттық университетінің 4 корпусында (әлеуметтік ғылымдар факультеті) өтетін археология және этнология бойынша ІI Халықаралық пәндік олимпиадасына шақырады.

Олимпиадаға шет елдерден және еліміздің жоғарғы оқу орындарынан 15 команда қатысады. Команда мүшелері археология мен этнология бойынша теориялық білімдерін, археологиялық қазбада жинаған тәжірибелерін ортаға салып, сайысқа түседі.

Басталуы: сағат 9.00.