«Әл-Фараби және қазіргі заман» атты Халықаралық Фараби форум

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2017 жылдың 4-5 сәуірінде «IV Халықаралық Фараби оқулары» (4-18 сәуір, 2017 ж.) аясында «Әл-Фараби және қазіргі заман» атты Халықаралық Фараби форумын өткізеді. 2014 жылы негізі қаланған «Халықаралық Фараби оқулары» аясында Фараби оқулары онкүндігі аясында Халықаралық Фараби форумы, ғылымның әр салалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар, «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы, Инновациялық жобалар байқауы өткізіліп, Ғылым күні атап өтіледі.

Ғылым мерекесінің онкүндігін ашып беретін Халықаралық Фараби форумы ұлы ойшыл, философ-ғалым Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың идеяларын насихаттауға, заманауи Қазақстан қоғамының рухани-адамгершілік және интеллектуалды мәдениетін дамытуға, ойшыл мұраларын елімізде және алыс-жақын шет елдерде танытуға бағытталған. Биыл төртінші рет өткізгелі отырған бұл халықаралық форум биылғы жылдың айтулы мерекесі «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған.

Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әл-Фараби кітапханасы, конференц-зал, 4 қабат

Басталуы: сағат 11:00.

Байланыс: +7 702 2721704.

Е-mail: farabiforum@gmail.com, Bekshan.Meirbaev@kaznu.kz.