«Әуезов оқулары – 15: Қазақстанның үшінші жаңғыруы- жаңа концепциялар және заманауи шешімдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2017 жылдың 13-14 сәуірі аралығында Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 120- жылдығына арналған «Әуезов оқулары – 15: Қазақстанның үшінші жаңғыруы- жаңа концепциялар және заманауи шешімдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1.        Мұхтар Омарханұлы Әуезов –  Қазақ ұлттық мәдениетінің майталманы;

2.        Конституциялық реформалар – Қазақстан Республикасы тарихындағы бетбұрыс кезеңі;

3.        «Ұлы Дала елі» тарихы: өзекті мәселелері мен жаңа көзқарастар;

4.        ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу аясында жаңартылған энергетика, энергия  сақтаушы технологиялар мен ресурстар;

5.        ИИД МБ – 2 бағдарламасын жүзеге асыруда тоқыма өнеркәсібін дамытудың келешегі;

6.        Кен өндіру мен химиялық технологияның, силикат материалдары және металлургия, нанотехнологияларды   дамытудың заманауи бағыттары;

7.        Тамақ инженериясы және биотехнология;

8.       Аграрлық сектор – Қазақстан экономикасының – жаңа драйвері;

9.        Құрылыс, машинажасау және транспорт салаларының  өзекті мәселелері;

10.    Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;

11.    «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» аясында өндірісті автоматтандыру мен IТ-технологияларды дамыту;

12. Қазақстанның әлеуметтік – экономикасын дамытудың  негізгі механизмі-мемлекеттік-жекеменшік серіктестік және жаһандық бәсекеге қабілеттілік;

13.    Білім беру аясында инновациялық қызметке болашақ педагогтарды психологиялық-кәсіби тұрғыдан даярлау;

14.    Қазіргі тіл білімі және әдебиеттанудың мәселелері: үштілділік жалпыұлттық ілгерілеу;

15.    Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудағы спорттық – сауықтыру  аспектілері.

Конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы  және шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми- зерттеу институттарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдар конференция жұмысына қатысуға шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. 

Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі (2 данадан)  және электрондық нұсқасы, ұйымдастыру жарнасы (3500 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен ukgu70@mail.ru немесе төмендегі мекен-жайда 2017 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, №3 «В» ғимараты, 2 қабат, 203 каб. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: т.ғ.к. Махашов Еркін Жұмағалиұлы – М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми-зерттеу басқармасының директоры.

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру алқасына хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефон: +7 (7252) 21-06-48, 30-05-71

Факс: +7 (7252) 21-19-89

E-mail: ukgu70@mail.ru

Ақпараттық хат