«Кәсіпкерлік, инновация және интернационализациялау: BIG DATA дәуірі» атты Халықаралық конференция

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, орыс.

Конференцияның ғылыми бағдарламасының негізгі бағыттары:

  • Әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы инновациялық зерттеулер

  • Экономикалық қатынастардың жаһандануы жағдайындағы инновациялар және бизнес

  • Қазіргі таңдағы экономика мен бизнестегі ақпараттандыру үрдістері және ақпараттық технологиялардың маңызы

  • Халықаралық бизнестің интернационализациялануы мен жаһандануы

  • Бизнес, менеджмент және маркетинг саласындағы инновациялар

Конференцияның арнайы жүлде қоры белгіленген. «Үздік» деп танылған ғылыми жұмыстар қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Конференция келесі секцияларды қамтиды:

1.     Әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы инновациялық зерттеулер

2.     Экономикалық қатынастардың жаһандануы жағдайындағы ұлттық қаржы жүйесі, инновациялар және бизнес: болашақ ғалымдар көзқарасы

3.     Бизнес, менеджмент және маркетинг саласындағы инновациялар

Қатысу бойынша өтінімдер 2017 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады. Конференция және ғылыми мақалаларға қойылатын талаптарға қатысты толық ақпарат www.uib.kz сатйында орналасқан. Алдына ала іріктеу қорытындылары бойынша үміткерлерді хабардар етудің соңғы мерзімі – 15 сәуір 2017 жыл.

Сырттан келген қатысушылар үшін тіркеу жарнасы – 3000 теңге.

 

Ақпараттық хат