«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті 2017 жылдың 10-12 сәуірі аралығында өтетін «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.

Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің студенттері, магистранттары және жас ғалымдары шақырылады.

Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері:

1)        студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;

2)        студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге қатыстыру;

3)        дарынды, зерек студенттерді іріктеу, олардың шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау;

4)        студенттердің интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Конференцияда журналистиканың өзекті мәселелерін келесі секциялар бойынша талқылау жоспарлануда:  

Секция 1. Баспасөз және электронды БАҚ

Секция 2. Печать и электронные СМИ

Хатшы: Сапарходжаева Н. nuri1379@mail.ru

Секция 3. Халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс

Секция 4. Международная журналистика и связь с общественностью

Хатшы: Байғожина Д. baigozhina777@mail.ru

Секция 5. Баспа ісі және дизайн

Секция 6. Издательское дело и дизайн

Хатшы: Данаева Н. NDanaeva@mail.ru

Халықаралық конференция тілі – қазақ, орыс, ағылшын.

Талапқа сәйкес емес тезистер авторларға қайтарылмайды. Конференцияға қатысуға байланысты шығындар қатысушы есебінен төленеді.

Конференция материалдары жинақ ретінде жарыққа шығады.

Конференцияға қатысу үшін 2017 ж. 25 наурызына дейін толтырылған тіркелу формасын, баяндама тезистерін және ғылыми жетекшісінің ұсыныс пікірін электронды пошта арқылы секция хатшыларына немесе келесі мекен жайға жіберу қажет: abaisadu@gmail.com

Байланыс: 8-(727) 221 13 44, 377 33 40, ішкі: 1352.

Ақпараттық хат