«Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен» атты VІ ЖОО аралық дәстүрлі ғылыми конференция

Құрметті студенттер мен магистранттар!

Сүлейман Демирель атындағы университет 2017 жылы 21 сәуірде студенттер мен магистранттардың  «ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ ЖАСТАР КӨЗІМЕН» атты VІ ЖОО аралық дәстүрлі ғылыми конференциясын өткізеді.

Конференцияда келесі секциялар бойынша жұмыстар жоспарланады: 

1 секция: Экономика және бизнес: заманауи мәселелер мен болашақ мүмкіндіктері

2 секция: Ақпараттық жүйелер мен бағдарламалау инженериясындағы инновациялар

3 секция: Математика және жаратылыстану ғылымдары

4 секция: Алаш мұрасы-21 ғасыр жастар көзімен

5 секция: Түркі әлемі және жастар

6 секция: Аударма және тіл білімін зерттеудегі заманауи мәселелер

7 секция: Қазақстанда және шетелде ағылшын тілін оқытудағы міндеттер мен заманауи  мәселелерi

8 секция: Құқық пен мемлекеттің мәселелері студенттер көзімен

9 секция: XXI ғасырдағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, түрік, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне  2017 жыл 15 сәуір, сағат 18.00 дейін: баяндама (мақала) және конференцияға қатысушының тіркеу формасын (баспа түрінде – мақаланың 1 данасын және электронды түрінде дискте) өткізу қажет. Жоғарыда көрсетілген уақыттан кейін жіберілген материалдар қабылданбайды. Материалдарды баспаға шығару туралы шешімді сараптау комиссиясы қабылдайды.

Баяндама материалдары мен тіркеу формасы 2017 жылдың 15 сәуіріне дейін қабылданады.

Талапқа сай емес толтырылған және ұйымдастыру комитетіне көрсетілген уақыттан кеш өткізілген мақалалар ғылыми еңбектер жинағына енгізілмейді.

Байланыс:

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаскелен қ.,

Абылайхан көшесі, 1/1. Сулейман Демирель атындағы университет,

Ғылым департаменті. («СДУ «VІ студ.конференция») деп көрсетілсін.

Телефондар: (8 727) 307 95 65 (236 немесе 237).

E-mail: zhasgalym@sdu.edu.kz   

 

Ақпараттық хат