«Теориялық және эксперименттік химия» атты VI халықаралық ғылыми конференция

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультеті 2017 жылдың 15-17 маусым аралығындағы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған «Теориялық және эксперименттік химия» атты VI халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.

Конференцияның ғылыми бағыттары: 

1 секция. Теориялық және эксперименттік химияның заманауи мәселелері.

2 секция. Жаңа химиялық материалдар синтезі және олардың қолданылуы.

3 секция. Химиялық технология және экологиялық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері.

«Теориялық және эксперименттік химия» атты халықаралық ғылыми конференциясы 2000 жылдан бастап, 2-3 жылда бір рет Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетінде өткізіледі. Конференцияның басты мақсаты – халықаралық дәрежеде теориялық және эксперименттік химия саласындағы соңғы ғылыми нәтижелері мен жаңа бағыттары бойынша жаңалықтармен алмасу.

Конференцияның негізгі бағыттары: бейорганикалық химия, органикалық химия, жаңа материалдар, полимерлер химиясы және технологиясы, аналитикалық химия, физикалық химия, нанохимия және нанотехнологиялар, электрохимия, есептеуіш химия және молекулалық модельдеу, химиялық технологиялар және экологиялық қауіпсіздік.

2017 жылы өтетін «Теориялық және эксперименттік химия» атты халықаралық ғылыми конференция 2017 жылдың 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне арналады.

Конференция жұмысын жүргізу тілдері: қазақ, ағылшын, орыс тілдері.

Конференция жұмысына қатысу үшін өтінімдер мен баяндамалар тезистері 1 бет көлемінде электрондық үлгіде конференцияның ұйымдастыру комитетінің TEChem_2017@mail.ru электрондық поштасына жіберу арқылы қабылданады.

Ұйымдастыру жарнасы 5000 тенге немесе 1000 рубль немесе 20 АҚШ $ құрайды.

Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Мұқанов көшесі, 41/1.

Байланыс: Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультеті, 1000028, Университет көшесі, 28, Карағанды қаласы, Қазақстан Республикасы

тел.: +7-7212-34-19-40 (деканат); факс: +7-7212-34-19-40

Профессор Тәжбаев Еркеблан Мұратұлы, ұйымдастыру комитетінің төрағасы  ұялы тел: +7-700-917-3274; e-mail: tazhbaev@mail.ru

Доцент Пустолайкина Ирина Анатольевна, ұйымдастыру комитетінің хатшысы ұялы тел: +7-777-802-7916; e-mail: irinamorozo@mail.ru

Х.ғ.к. Минаева Елена Викторовна, ұйымдастыру комитетінің хатшысы

ұялы тел: + 7-747-635-0502; e-mail: yelenaminayeva@yandex.ru  (ұйымдастыру жарнасы, өтінімдер, тезистер).

 

 

Ақпараттық хат