Дәстүрлі «Шоқан оқулары – 21» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 2017 жылдың 21-22 сәуір күндері қазақтың ұлы ғалымы және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың құрметіне арналған дәстүрлі «Шоқан оқулары – 21» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференцияда келесідей секциялар мен секциялық бөлімшелерде қазіргі заманғы ғылымның түрлі салаларының көкейкесті мәселелері қарастырылады:

1. Шоқантану;

2. Тарих, география және этнология;

3. Философия, саясаттану және әлеуметтану;

4. Жалпы педагогика;

5. Педагогтардың біліктілігін арттырудың деңгейлік курстары: білім беру мазмұнын жаңартудағы ролі.

6. Психология;

7. Жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар:

7.1. Физика және ФОӘ;

7.2. Математика және МОӘ;

7.3. Информатика және ИОӘ;

7.4. Химия және ХОӘ;

7.5. Биология және БОӘ;

8. Филология: 8.1. Қазақ филологиясы;

8.2. Орыс филологиясы;

8.3. Шетел филологиясы;

9. Өнертану;

10. Экономика:

11. Ауылшаруашылық ғылымдары;

12. Техникалық ғылымдар;

13. Энергетика;

14. Заң және құқық;

15. Экология және табиғатты қорғау;

16. Туризм және спорт.

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарық көреді (pdf түрінде). 2017 жылдың 31 наурызға дейін ұйымдастыру комитетінің valikhanov21@mail.ru электрондық мекен-жайына мақала мәтінін; мақаланы жариялау туралы өтінім; төлем құжатын жіберулеріңізді сұраймыз.

Көрсетілген мерзімге дейін жіберілген материалдар ұйымдастыру комитетімен қарастырылады. Көрсетілген мерзімнен кеш берілген материалдар немесе талаптарға сәйкес толтырылмаған материалдар қарастырылмайды және кері қайтарылмайды. Студенттердің жұмыстары қабылданбайды.

Конференцияға қатысушылар үшін төленетін ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге.

Конференцияға келумен байланысты шығындар қатысушылар мен жіберуші ұйымдар тарапы есебінен жүзеге асырылады.

Ұйымдастыру комитетімен хат алмасу тек көрсетілген электрондық мекен-жай бойынша жүзеге асырылады.

Ұйымдастырушы: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Ақан-сері көшесі, 24, РП бөлімі /104 бөлме/, Громова Ольга Васильевна.

Анықтама телефоны: 8 (7162) 72-11-12, 72-19-53; 25-56-05. E-mail: valikhanov21@mail.ru.

Ақпараттық хат