«Интеллектуалдық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар – «Қазақстан – 2050» стратегиясы аясында үшiншi индустриалды революцияны жүзеге асырудың құралы» атты ІV Халықаралық ғылыми –практикалық конференция

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2017 жылдың 6-7 маусым аралығында профессор М.Бейсенбидің 70 жылдық мерейтойына арналған «Интеллектуалдық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар – «Қазақстан – 2050» стратегиясы аясында үшiншi индустриалды революцияны жүзеге асырудың құралы» атты ІV Халықаралық ғылыми –практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияға қатысушылар ақпараттық және коммуникациялық технологиялар әлеуетін талқылайды және қазақстандықтардың өмiр деңгейi мен сапасының түбегейлi жоғарылауын қамтамасыз етуге бағытталған технологиялар мен ақпараттық ресурстарды жасаудың отандық және шетелдiк тәжiрибесiн талдайды.

Конференцияға ҚР білім және ғылым министірлігі өкiлдерi, жетекшi отандық және шетелдiк ғалымдар, университеттер, академиялық мекемелер өкiлдері, сонымен бiрге эксперттер, педагогтар және жасалуда пайдалану білім беруде АКТ қолдану саласында жаңашылдар, АТ-компаниялары өкiлдері қатысады. Конференция жұмысының бағыттары:

1-ші секция: «Қазақстан – 2050» стратегиясын іске асыру барысында цифрлық қоғамды қалыптастыру.

Үшiншi индустриалды революция – XXІ ғасырдың жаhандық шақыруы; қазiргi және білім берудің тиімді жүйелерін құру – цифрлық ғасырда ел білім беру жүйесінiң ең маңызды мақсаты; еліміздің халықаралық және қауiпсiздiк саясатына жаңа міндет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік

2-ші секция. Басқару теориясының қазіргі заманғы мәселелері

Цифрлық индустрия шарттарында ақпараттық және телекоммуникациялық басқару жүйелерді дамытудың жаңа үрдістері, адаптивтік және робастық басқару жүйелері, жоғары потенциалды робастық тұрақты басқару жүйелер теориясы, хаос және детерминделген хаостық процесстерді басқару теориясы, интеллектуалды басқару жүйелері.

3-ші секция. Әлеуметтік-экономикалық, биологиялық және медициналық жүйелерді басқару

Қазақстанның үшінші жаңғыруы:– «Цифрлық Қазақстан»: әлеуметтік-экономикалық, биологиялық және медициналық жүйелерді басқару және жүйелік талдау моделдері мен әдістері, экономикалық, әлеуметтік, биологиялық және медициналық жүйелерде тұрақсыздық пен детерминделген хаос процестерін зерттеу және басқару.

4-ші секция. Информатика және білім беруді цифрландыру.

Информатиканы үйретудiң мәселелері және АКТ: информатиканы оқытуда сабақтастық, информатиканы оқытуда пән аралық байланыстар және дифференциациялау, қатарлас есептеулер және оқу процесiнде қатарлас есептеулер кластерін пайдалану; информатика және АКТ бойынша білім алушылардың білім сапасын бағалау; цифрлық білім берудің теориясы мен әдiстемесі, білім беру роботтарын бағдарламалау, білім беруде роботехника, білім беру саласындағы толықтырылған және виртуалды нақтылық, білім беруді басқарудағы АКТ, білім беру, индустрия, ғылым салаларына IT-кадрлар дайындау, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану жӛніндегі АКТ-құзыретті қызметкерлер; IT секторы үшін адами капиталды дамыту; компьютер ғылымының жаңару уақытында педагогтардың АКТ-құзыреттілігінің үздiксiз дамуы; хабардарлық – жаһандану жағдайындағы дидактикалық білім беру жүйесі.

5-ші секия. Есептеу және компьютерлік қосымшалар

Компьютерлік қосымшалар және таратылған ақпараттық жүйелер; кiрiстірілген жүйелер; ақпарат қауiпсiздiгi және оны қорғау; кодтау теориясы; компьютерлік графика; ғылыми деректерді визуалдау, математикалық физиканың кері есептеулері, сандық әдістер және теориясы, медицина мен өнеркәсіпте томография әдістері, математикалық модельдер және механика, геофизика, биофизика, электродинамика, акустикадағы әдістер;

6-шы секция. Қазiргi ақпараттық – коммуникациялық технологиялар және жүйелер: даму үрдiсi және қолдану.

Ақпараттық жүйелерді әзiрлеудiң қазiргi технологиясы; бұлтты есептеулер; ГРИД – технологиясы; интеллектуалдық ақпараттық жүйелер; қоғамның әр түрлi салаларын ақпараттандыру; ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелердің қауiпсiздiгі және сенiмдiлiгі.

Бейнелерді айырып тану; компьютерлік лингвистика; шешiмдердi қабылдау жүйесі; нейрондық желiлер; генетикалық алгоритмдер; айқын емес логикалар; табиғи тiлдi өңдеу (морфологиялық, синтаксистiк, мәтінді мағыналық талдаулар)

Конференцияның ашылуы – 6 маусым 2017ж, сағат 10.00

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ , орыс, ағылшын

Байланыс: Өтініштерді қабылдау, тезистер мен баяндамалар, жарияланымдар сұрақтары бойынша келесі адреске хабарласуыңызға болады: 010008, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Пушкин көшесі 11, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, №2 ғимарат, 2 қабат, 203 бөлме

Конференцияның жауапты хатшысы: т.ғ.к. Жұмадиллаева Айнұр Қанәділқызы.

Телефон: (7172) 709-500 (31359) Ұялы тел.: 8-702-529-59-99

e-mail: zhumadillayeva_ak@enu.kz

 

Ақпараттық хат