Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасы 2017 жылдың 12 сәуірінде «Гуманитарлық ғылымдағы ізденістер мен жаңалықтар» атты докторанттар мен магистранттардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференция жұмысы төмендегідей бағыттарда жүргізіледі:
1. Қазіргі әдебиеттанудың теориялық-әдіснамалық мәселелері
2. Қазіргі тіл білімінің теориялық-әдіснамалық мәселелері
3. Фольклор және мәдениеттану
Конференцияға қатысу үшін баяндамаларды 2017 жылдың 5 сәуіріне дейін мына мекен-жайға жіберуге болады: 010000 Астана қаласы, Қажымұқан көшесі 11, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 330 кабинет, қазақ әдебиеті кафедрасы. Электрондық пошта: kafedra_kzli@ enu.kz
Байланыс телефондары: 8(7172) 70-95-00 (факс), (ішкі телефон: 32-313, 32-319).
Конференцияға қатысушыларды тіркеу 2017 жылдың 12 сәуірінде 9.00-дан 10.00-ға дейін мына мекен-жайда жүргізіледі: Астана, Қажымұқана көшесі 11, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, оқу-зертханалық ғимарат №5.