2017 жылғы 16 наурыз күні Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті және Әлеуметтану кафедрасының бірігуімен «Шексіз мүмкіндік» жобасы аясында «Дұрыс ойлау – дұрыс өмір сүру кепілі» тренингі өткізіледі.
Тренинг мақсаты – студент жастарда позитивті ойлау қабілетін қалыптастыру.
Тренингті Әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология ғылымдарының PhD докторы Исаханова Әсел Әлімаханқызы жүргізеді.
Өтетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу-әкімшілік (бас) ғимараты, 302 ауд.
Өтетін уақыты : сағат 15.00