10 наурызда 6М07300 – «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларды өңдеу» мен 6М074600- «Ғарыштық техника мен технологиялар» (ИИДМБ-2) мамандықтары бойынша бейінді магистратураның алғашқы түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтеді

2017 жылдың 10 наурызында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім беру бағдарламасы бойынша білім алған 6М07300 – «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларды өңдеу» мен 6М074600- «Ғарыштық техника мен технологиялар» (ИИМДБ-2) мамандықтары бойынша бейінді магистратураның алғашқы түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтеді.

Басталуы: сағат 17.00.

Өтетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің оқу-әкімшілік (бас) ғимараты, 208 ауд. (Тұңғыш Президент аудиториясы).

Келемін деушілерге есік ашық!