«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты 70-ші мерейтойлық республикалық студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 2017 жылдың 12 сәуірінде «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты 70-ші мерейтойлық республикалық студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты 70-ші мерейтойлық республикалық студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында стендтік баяндамалар сессиясы және жас инноваторлар көрмесі өтетіндігін хабарлайды. Стендтік сессияға, инновациялық технологиялар көрмесіне белсене атсалысуға шақырамыз.

Конференция барысында төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі:

I СЕКЦИЯ. Заманауи филологиялық ғылымдар: бағыт-бағдарлары мен зерттеу аспектілері;

IІ СЕКЦИЯ. Педагогика және психология: инновация  және заманауи әдістер;

ІІІ СЕКЦИЯ. Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық негіздері;

ІV СЕКЦИЯ. Жаратылыстану ғылымы (химия, биология, экология, география): қазіргі күйін талдау және даму перспективалары;

Vсекция.Физика-математика ғылымдарының зерттеулері мен тәжірибесіндегі математикалық әдістер  және  ақпараттық технологиялар;

VI СЕКЦИЯ. Өнер және мәдениет: теория мен тәжірибенің заманауи бағыттары;

Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Ұйымдастыру жарнасы – 2 000 теңге.

Баяндама материалдары мен тіркеу формасы 2017 жылдың 31-ші наурызына дейін қабылданады.

Талапқа сай емес толтырылған және ұйымдастыру комитетіне көрсетілген уақыттан кеш өткізілген мақалалар ғылыми еңбектер жинағына енгізілмейді.

Баяндаманың электрондық нұсқасы, қағазға басылған мәтіні төменде көрсетілген мекенжайға жіберілуі керек.

Ұйымдастыру комитетінің шешімімен ең үздік деп танылған баяндаманың толық мәтіні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Хабаршысы» журналында жарияланатын болады.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Алматы қ., Әйтеке би көшесі 99, Бас оқу ғимараты, Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы, 105-кабинет.

 Тел.: 8 (727) 233-17-67   

E- mail: science@kazmkpu.kz

Ақпараттық хат