Магистранттардың үздік ғылыми жұмыстарының жылсайынғы республикалық байқауы

«М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ – магистранттардың ғылыми жұмыстарын келесі мамандықтар бойынша негізгі мекеме ретінде жыл сайынғы республикалық байқауын өткізетінін хабарлайды :

1. 6M071300- Көлік, көліктік техника және технологиялары;

2. 6M090100- Көлік қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру;

3. 6M090900-Көліктегі логистика;

4. 6M074500-Көлік құрылысы.

I республикалық байқау қорытындысы бойынша сіздердің магистранттарыңыздың үздік ғылыми жұмыстарын 2017 жылдың наурыз айының 17-іне дейін II Республикалық байқауға қатысуға шақырамыз.

Байқауға қатысу үшін ҚР БҒМ ұсынымдарына сәйкес орындалған жұмыстарды қағаз түрінде («Республикалық байқауының МҒЗЖ үшін» деген белгімен) мына мекен-жай бойынша қабылдаймыз: 050012, Алматы қ, Шевченко көш. 97, КазККА Ғылым мен біліктілікті жетілдіру бөлімі, 2718 каб.

Тел. + 7(727) 292-23-12, 292-44-85

E-mail: ost.kazatk@mail.ru

Магистранттардың Республикалық байқау туралы ақпарат www.kazatk.kz сайтында орналасқан.